RU

ШҚО-да құдыққа түскен төрт адам белгісіз газдан тіл тартпай кетті

ШҚО-ның Үржар ауылында жергілікті коммуналдық мекеменің екі қызметкері құдыққа түсіп белгісіз газдан тұншығып қалған. Ал оларға көмекке келген екі адам да тіл тартпай кетті деп хабарлайды YK-news.kz-ке сілеме жасап NUR.KZ.

Қайғылы оқиға 21 шілде күні Үржар ауылындағы Рысқұлов көшесінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жергілікті коммуналдық мекеменің үш қызметкері суды таратып тұратын құдықты тексеру үшін сол жерге аттанады.

Люкті ашып төменге түскен екі адам бірден есінен танып қалады. Ал жоғарыда тұрған үшінші адам жұртты көмекке шақыра бастайды. Сол маңнан өтіп бара жатқан екі адам көмекке келіп, құдыққа түскенде оларда есінен танып, сол жерде қаза болады.

Тағы оқыңыздар: БҚО тұрғыны әлеуметтік желідегі пікірі үшін 4 тәулікке қамауға алынды

"Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына Үржар ауданының өрт сөндіру қызметі жіберілген. Арнайы киім киген құтқарушылар құдыққа түсіп, марқұмдардың денесін алып шықты", - деп хабарлады ТЖД-нің баспасөз қызметі.

Болжам бойынша, қызметкерлердің өліміне құдықта ұзақ уақыт жиналып қалған газ себеп болуы мүмкін. Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар тексеріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563314-shqo-da-tort-adam-belgisiz-gazdynh-isine.html