RU

WhatsApp арқылы танысының қызын балағаттаған жігіт ісіне өкініп қалды

Атырау облысында танысының қызын WhatsApp арқылы балағаттаған азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Baq.kz Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Атырау облысының Жылыой аудандық сотында О. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ол WhatsApp арқылы танысының қызына ар-намысына тиетін сөздер жіберіп, ұсақ бұзақылық жасаған. Сот отырысында атыраулық азамат кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді», - деп мәлімдеді соттан.

Тағы оқыңыздар: Әйгілі Николас Кейдж Астанаға келді (фото)

Сот қаулысымен О.есімді азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, әкімшілік жаза ретінде 10 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде, яғни 22 690 теңге айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563551-whatsapp-arqyly-tanysynynh-qyzyn-balaghattagha.html