RU

Күйеуі үш баласымен тастап кеткен семейлік келіншек аянышты халін айтты (фото)

Осыдан үш жыл бұрын шиеттей үш баласымен жолдасы тастап кеткен Мөлдір Рахманова (авт. тегі өзгертілілген) бүгінде көптен көмек сұрап, күнелтуге мәжбүр болып отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Бойжеткен қала сыртындағы шағын аудардардың бірінде баспана жалдап, мүгедек ұлы Азатқа берілетін жәрдемақыға жан бағып келеді.

Тағы оқыңыздар: Әйгілі Николас Кейдж Астанаға келді (фото)

Үш бірдей баласын жалғыз өзі асырап отырған Мөлдір Рахманова жолдасы осыдан үш жыл бұрын тастап кеткен. Алматыда қамауға алынып, кейін бостандыққа шыққан жұбайы, сол кеткеннен хабарласпаған көрінеді.

Жалғыз басты ана балаларына алимент төлету мақсатымен жолдасын Алматыға іздеп барғанымен, оны таба алмай қайтқан.

«Жолдасым алдында жұмыс істеп жүріпті. Сосын мен Алматыға барып, балаларға алимент төлетуге өтініш жазғаннан кейін, ол жұмысынан да шығып кетіпті. Көмектесетін жақындарым да жоқ. Себебі, мені кішкенатайымда жетімдер үйінен асырап алған еді. Ол кісілер қазір қартайды, екеуі де мүгедек жандар. Әпкемнің үйінде тұрады», - дейді семейлік тұрғын.

Бұған қоса, Мөлдірдің тұңғышы да ақыл-есі кем бала болып туылған. Сегіз жасар Азаттың дене бітімі дұрыс болғанымен, есте сақтау қабылеті жоқ.

«Азат кіші, үлкен дәретін, қарны ашқанын, тойғанын білмейді. Себебі, орталық ми жүйесі істемейді. Дәретін ұстай алмағандықтан, арасында біреуге тастап жұмысқа да шыға алмаймын. Есте сақтау қабылеті жоқ болғандықтан, үнемі адасып кетеді», - дейді Мөлдір.

Алғашында алақан жайып, көпшіліктен көмек сұрауға намыстанған семейлік келіншек, амалдың жоқтығынан, балалары үшін, әлеуметтік желі арқылы жұрттан жәрдем сұрауға мәжбүр болдым дейді.

«Мен ешкімнен ешқашан көмек сұрап көрген емеспін. Амалсыздан, балаларымды аш қалдырмас үшін елден көмек сұрап отырмын. Бірде «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде жағдайымды жазған едім. Содан кейін біраз адамдар хабарласып, көмектесе бастады. Сондай жомарт жандардың бірі баспанамыздың ақшасын төлеп жүрген еді. Ол кісі де өткенде жұмыссыз қалды. Келесі айда пәтердің ақшасын немен төлейтінімді білмей отырмын», - деді ол.

Тағы оқыңыздар: WhatsApp арқылы танысының қызын балағаттаған жігіт ісіне өкініп қалды

Мөлдір Рахмановаға көмек қолын созып, жәрдем бергісі келетін жандар келесі байланыс номеріне хабарласып, КИВИ-Әмиянына қаражат аударып жібере алады.

Мөлдір Рахманова: 8 702 950 80 89

КИВИ-Әмиян: 87478513668

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563568-kuyeui-ush-balasymen-tastap-ketken-sem.html