RU

Қарағандыда 4 жасар қыз бала жалғыз өзі айдалада түнеп шыққан (фото)

Қарағанды облысында ата-анасымен жеміс теруге шыққан 4 жастағы Амира Мұхит жоғалып кетіп, айдалаға түнеп шыққан. Қыз бала 18 сағат өткеннен кейін табылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Шахтинск қаласында ата-анасымен тұратын Амира 21 шілдеде жол бойындағы қарақатты теруге шығып, Абай ауданы Есенгелді ауылының маңында жоғалып кетеді.

Тағы оқыңыздар: Ішіп алған "Эйр Астананың" ұшқышы ұятқа қалды

Ата-анасы қыздарынан көз жазып қалғанын бірден байқайды, алайда кішкентай Амираны тез арада табу мүмкін болмайды.

Есеңгіреп қалға ата-ана полиция мен ауыл тұрғындарының көмегіне жүгінеді. Кешкісін 4 жасар қызды іздеу үшін Қарағанды, Саран, Шахтинск, Ақтас қалаларынан және өзге де елді мекендерден еріктілер қосылады.

Бас-аяғы 100 ерікті мен 300 ге жуық әскерилер қыз баланы түні бойы іздеп, таңғы 6-лар шамасында тапқан. Масаға таланып, қатты тоңып қалған балақай ағаштардың жанында ұйықтап қалыпты. Қазір қыз баланың жағдайы жақсы.

Қазақпараттың хабарлауынша, Амира Балықтыкөл ауылының маңында жолдан жеті шақырым жерде табылған. Абай ауданы полициясы оқиға сәтті аяқталғанына қарамастан, ата-анамен осы оқиғаға қатысты әңгіме жүргізетінін мәлімдеген.

«Міндетті түрде әңгімелесу өтеді. Олар баланы қадағалау керек екенін түсінуі тиіс. Тоңып қалғаны ештеңе емес, тірі табылғанына шүкір», - дейді аудандық полицейлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563626-qaraghandyda-4-zhasar-qyz-bala-zhalghyz-ozi.html