RU

Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралады

Рио-де Жанейро олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов бокстан Қазақстан ұлттық құрамасына қайта оралды деп хабарлайды Қазақпарат.

«Мен ұлттық құрамаға қайта оралдым. Алла қаласа алдағы уақытта бұрынғыдай құрама сапында өнер көрсететін боламын. Қазір Астанада отбасыммен бірге демалып жатырмын. Бұйырса дайындықты бастайтын күндерім де алыс емес. Мен «қазақтың салмағы» атанып кеткен 69 келіде Олимпиада чемпионы атандым. 4-5 жыл осы салмақта өнер көрсеттім. Алдағы уақытта да осы салмақта қала беремін», - деді Данияр Елеусінов.

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасынан кейін австралиялық MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасып, кәсіпқой боксқа ауысқан болатын.

Тағы оқыңыздар: Қарағандыда 4 жасар қыз бала жалғыз өзі айдалада түнеп шыққан (фото)

Алайда, олар уәдесінен тайып, кейін келісімнен бас тартқаны хабарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563643-daniyar-eleusinov-ulttyq-quramagha-qay.html