RU

Танымал боксшы шымкенттік судьяны нокаутқа жіберді

Шымкентте футболсүйер қауымның кезекті кездесуі жанжалмен аяқталды. Ойын кезінде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Еркебұлан Шыналиев судья Бейбарыс Сарыбаевтың шешімімен келіспей оны нокаутқа жіберген деп хабарлайды NUR.KZ.

Куәгерлердің айтуынша, Шыналиевтің командасы 3:0 есебімен жеңіліп жатқан. Боксшы мен судья арасындағы жанжал содан басталған.

Тағы оқыңыздар: Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралады

Боксшы өзіне бірнеше мәрте ескерту жасаған судьяның жағынан ұрып, нокаутқа жіберген. Қазіргі таңда судья ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның жағдайына қатысты пікір білдірмеді.

Осы оқиғаға қатысты жәбірленуші тарап полицияға арыз түсірген. Құзырлы органдар істің мән-жайын анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563660-tanymal-boksshy-shymkenttik-sudyany-no.html