RU

Алматыда троллейбус сымдары үзіліп, автобустың терезесін талқандап тастады (фото)

Алматыда троллейбус сымдары үзіліп, салдарынан №71 автобустың жүргізушісі мен жолаушылары зардап шекті деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға 28 панфиловшылар саябағына қарсы жерде болған.

Троллейбус Гоголь көшесінің бойымен шығыс бағытқа қарай қозғалған. Ал оның артынан Mercedes көлігі келе жатқан. Зенкова көшесінің қиылысына келгенде белгісіз себептермен троллейбуске арналған сымдар үзіліп, ол жанында тұрған автобустың алдыңғы және жанындағы терезесін талқандаған.

Үзіліп кеткен сым Mercede көлігіне де залалын тигізген. Автобус салонында болған 15 адам әртүрлі жарақат алған.

Тағы оқыңыздар: Қарағандыда 4 жасар қыз бала жалғыз өзі айдалада түнеп шыққан (фото)

Қазір оқиға орнында полция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиға болған жерде қозғалыс шектелген.

Tengrinews.kz хабарлауынша, бұл жайттан 71 автобустың кондукторы да зардап шеккен. Оны ауруханаға алып кетіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563706-almatyda-trolleybus-symdary-uzilip.html