RU

Ақтөбеде музыка тыңдап келе жатқан ер адамды пойыз қағып кетті

Ақтөбеде құлаққап киіп, музыка тыңдап келе жатқан ер адамды пойыз қағып кетті деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Темір жол бойындағы қауіпсіздік ережесін сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын-алуға бағытталған шара барысында Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі рейдке шықты.

Темір жолды кез келген жерден кесіп өту қауіпті. Ер адам музыка тыңдаймын деп ажал құшты.

«Құлаққап киіп, жүрдек пойыздың келіп қалғанын көрмеген ер адам оқиға орнында мерт болды. Сондықтан бүгін «Теміржол аса қауіпті аймақ» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Заң бойынша теміржолды белгіленбеген жерден өткені үшін адамдарға айыппұл салынады», — деді  Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік бөлімінің баспасөз инспекторы Роза Төлегенқызы.

Тағы оқыңыздар: Қытай билігі 210 мың шенеунікті жемқорлық үшін жазалаған

Айта кетейік, жыл басынан бері теміржолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 614 адам әкімшілік жазаға тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563795-aqtobede-muzyka-tynhdap-kele-zhatqan-er.html