RU

Қазақстандық файтер жеңіліп көрмеген дағыстандықты нокаутқа түсірді

Қазақстандық файтер Арман Әшімов M-1 Challenge 81 "Битва в горах 6" кәсіби турниріндегі дебютінде қарсыласын нокаутқа түсірді.

Турнир Ингушетияның Таргим қаласында өтті, мұнда Әшімов жеңіліп көрмеген дағыстандық Гаджимурат Алиевті екінші раундта нокаутқа түсірді. Бірінші раунд бойынша қазақстандық қарсыласына партерге өтуге мүмкіндік бермей, басымдық танытқан. Ал екінші раундтың басында Әлиев шабуыл жасамақ болды, Арман ол кезде оң жұдырығын қарсыласын дарыта білді.

Өз кезегінде комментатор қазақстандық файтердің бұл соққысына "адамшошырлық" деп баға берді.

Тағы оқыңыздар: Головкин - Канело жекпе-жегінің жабық көрсетілімі қанша тұрады?

"Қарсыластың соққы жасау техникасының ақсап тұрған жерін байқадым да, сол қателікті өз пайдама асырдым. Бапкерім Нұрлан Мамырәлиевтің кеңестері жақсы көмектесті. Жекпе-жек алдында ол маған бұл кездесуде 10 соққы ішінде аяқтау туралы тапсырма берді. Мен оны орындадым", - деді Арман Әшімов.

Қазақстанның ММА Ассоациациясының төрағасы Асылбек Дүйсеновтің айтуынша, турнир ұйымдастырушылары жекпе-жекке жоғары баға беріп, Әшімовпен келісімшартқа қол қоюды бірден ұсыныпты.

Арман Әшімов ММА-дан Қазақстан Кубогының иегері, К-1-ден Қазақстан, Еуразия, Еуропа чемпионы, Алаш Прайд турнироерінде бірнеше рет жұдырықтасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563854-qazaqstandyq-fayter-zhenhilip-kormege.html