RU

Астанада құбыр жарылып, көшені су басып кетті (видео)

Астананың "Есіл" ауданында  су құбыры жарылып, салдарынан тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандар сусыз қалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі.

Апат жексенбі күні таңертең  Сығанақ пен Сауран көшелерінің қиылысында орын алды.

"Астана Су Арнасы"  МҚК  жарылған жерден су ағынын тоқтату, су айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Содан кейін қанша тұрғын үйге ауызсу беру шектелетіні белгілі болады. Ақауды жойғанша суды көлікпен тасу ұйымдастырылады",  - деп хабарлайды «Есіл» ауданы әкімдігі өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Тағы оқыңыздар: Қытай билігі 210 мың шенеунікті жемқорлық үшін жазалаған

"Зерно" бар мейрамханасы мен "Комфорт" сауда-қызмет орталығында су беру шектеулі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563893-astanada-qubyr-zharylyp-sol-zhaq-zhaghala.html