RU

Алматыда түн ішінде болған жантүршігерлік жол апатынан тоғыз адам зардап шеккен (фото)

Алматыда сенбіден жексенбіге қараған түні  Фурманов және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орын алған жол апаты салдарынан тоғыз адам зардап шекті.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, Toyota Land Cruiser Prado Қабанбай батыр көшесінің бойында батыс бағытында қозғалып келе жатып, бағдаршамның қызыл шамына өтіп кетпек болған.

Бұл кезде Фурманов көшесі бойынан солтүстік бағытта Hyundai Accent жүріп келе жатады.

Тағы оқыңыздар: Қытай билігі 210 мың шенеунікті жемқорлық үшін жазалаған

Оның жүргізушісі әрекет етіп үлгере алмай, қатты жылдамдықпен жол талғамайтын көлікке соқтығысып, Land Cruiser соққыдан талға соғады, ал жеңіл көлік инерциямен ГАЗель автокөлігіне жанасқан.

Тағы оқыңыздар: Астанада құбыр жарылып, сол жақ жағалау түгелімен сусыз қалды

"Апат салдарынан Hyundai Accent салонда қысылып қалды. Оқиға орнына ТЖ құтқарушылары келіп, жолаушыны көліктен шығарып, оны дәрігерлерге берді. Land Cruiser жүргізушісі ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды. Жалпы жол апатынан тоғыз адам зардап шекті", — деді апат куәгерлерінің бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563900-almatyda-tun-ishinde-bolghan-zhanturshig.html