RU

Шымкент тұрғыны жоғалған 200 мың теңгені иесіне қайтарып, мейманды таңғалдырған

Шымкент тұрғыны қалаға қонаққа келіп, 200 мың теңгесін жоғалтып алған ер адамның ақшасын тауып алған соң өзіне қайтарып берген деп хабарлайды NUR.KZ.

Шымкенттіктердің қонақжайлылығы мен ақкөңілділігін көрсететін оқиға 22 шілде күні болған. Оңтүстікке қонақ болып барған Назар Мұхаметкали есімді жігіт 200 мың теңге көлеміндегі ірі ақшасын жоғалтып алады деп жазады TVK.

Шаштаразға кіріп шыққан ол әмияны түсіп қалғанын велосипедпен үйіне қайтқан соң бір-ақ білген. Бұйырмаған дүниенің соңына түсіп іздеуді жөн көрмеген Назар бұл жағдайға аса мән бере қоймайды.

Тағы оқыңыздар: Астанада құбыр жарылып, көшені су басып кетті (видео)

Алайда, сән салонының жанында жатқан ақша толы әмиянды сол маңда жүрген бойжеткен байқап қалған. Ол уақыт жоғалтпастан бірден мекеменің әкімшілігіне барады. Ал ақшаның иесін бейнебақылау камералары арқылы тауып алған. 

200 мың теңгені Назарға қайтарып берген тұрғын өз есімін құпия сақтауды жөн санады. Телефон арқылы журналистермен байланысқан ол Шымкенттің кез-келген тұрғыны осындай қадамға баратынын айтып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1563971-shymkent-turghyny-zhoghalghan-200-mynh-tenhgeni.html