RU

Ләйлә Сұлтанқызы шоу-бизнестегі танымал құрбыларымен бірге елдің сынына ұшырады (фото)

Қазақстандық жұлдыздар көбінесе үй жағдайындағы қарапайым суреттерін көпшілікпен бөлісе бермейді. Көрсете қалған жағдайда жағымсыз пікірлер қарша борайтыны да рас. Оған дәлел -  танымал тележүргізушінің Instаgram парақшасына жарияланған мына бір сурет.

"Біреуі Түркияда, біреуі батыстан (Атырау,Ақтау) шыға алмауда. Девочки , какие вы классные Ерке #пішінəйімен Гүлнұр #сникерсімен", - деп құрбыларына деген сағынышын жеткізген Сұлтанқызының жазбасы оқырмандары арасында қызу талқыға түскен.

Көбісі Ерке Есмаханның үстіндегі киімін ұйықтар кезде киетін пижамаға ұқсатса, енді бір тобы Гүлнұрдың "жыртық" шалбарын жақтырмаған. Олардың арасынан Ләйләнің бояусыз түрін ұнатпай қалғандар да табылды.

Тағы оқыңыздар: Астанада құбыр жарылып, көшені су басып кетті (видео)

Дегенмен де, тек жақсылықты ғана көре білетін желі қолданушылары өздерінің пікірлерімен даттаушы жақты біршама сабасына түсіргендей болды. Онымен танымал тележурналистің парақшасындағы пікір алаңы бірден басыла қоймады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564014-layla-sultanqyzy-shou-biznestegi-tany.html