RU

Шапан киген әйгілі шетелдік актер қазақтың билерінен "айнымай" қалды

Елордамыз Астанада өтіп жатқан халықаралық "Евразия" кинофестиваліне арнайы келген шетелдік танымал актер Николас Кейджге Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры шапан жапты деп хабарлайды NUR.KZ.

Университет басшысы Айман Мұсаходжаеваның айтуынша, Голливуд жұлдызына қазақтың шапаны ұнап қалған көрінеді. Тіпті актер оны киіп киноға түсуге болатынын да айтыпты.

Тағы оқыңыздар: Жеміс-жидекті шалшық суға жуған астаналық сатушы жұрттың ашуына тиді (видео)

"Шабыттың" студенттерімен болған кездесуден кейін қадірлі қонаққа арнап ақ дастархан жайылған.

Желі қолданушылары болса шапан киген әртісті қазақтың үш биіне ұқсатыпты.

Сәйкесінше, Қазнеттегілер Кейдждің суретін өз ойларымен түрліше өзгертіп тастаған.

Тағы оқыңыздар: Шымкент тұрғыны жоғалған 200 мың теңгені иесіне қайтарып, мейманды таңғалдырған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564116-shapan-kigen-golluvid-akteri-qazaqtynh.html