RU

Ми қайнатар ыстық: Синоптиктер дабылды ескерту жариялады

Қазақстанда 25-29 шілдеде 45 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

"Күндіз 25-29 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Күндіз 25-29 шілдеде Кызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 45 градус өте қатты ыстық күтіледі", — делінген дабылды ескертуде.

Бұдан бөлек, күндіз 26-30 шілдеде Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде 40-43 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Тағы оқыңыздар: Шапан киген әйгілі шетелдік актер қазақтың билерінен "айнымай" қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564169-mi-qaynatar-ystyq-sinoptikter-dabyld.html