RU

Жүрек жұтқан қытайлықтар 10 метр биікте жүретін пойыз жасап шығарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытайдың Шаньдун провинциясында ең жылдам аспалы пойыз сынақтан өте бастады. Жаңа қоғамдық көлікке «Аспан пойызы» деген ат берілді деп хабарлайды baq.kz.

CRRC Qingdao компаниясы жасап шығарған монорельсті пойыз болашақта таулы аймақ пен ірі қалаларда үлкен сұранысқа ие болады дейді қытайлық инженерлер.

Пойызға ең замануи технология – магнитті электродвигательмен жүреді. Оның басқа көлік түрлерінен көптеген артықшылығы бар дейді қытайлық инженерлер. Өйткені, ол аса қуатты, физикалық көлемі шағын, шуы аз және салмағы аз.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан депутат пен ауданның экс-әкімі қаза болды

Пойыз монорельсті жолмен жерден 5-тен 10 метрге дейінгі биіктікте жүреді. Ол 3, 4 және 5 вагоннан тұрады. Пойыздың сыйымдылығы 510 адам. Ал максимум жылдамдығы – сағатына 70 шақырым.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жүрек жұтқан қытайлықтар 10 метр биікте жүретін пойыз жасап шығарды
Mailfire view pixel