RU

36 тіл білетін астаналық таксист туристердің өзін таңғалдырды (фото)

Такси
Көрнекі фото: piqsels.com

Астанада Абдурашид Ширинов есімді көлік жүргізушісі жолаушыларына «Hello, my friends» деп сәлем береді. Ол ағылшын тілінен бөлек әлемнің 36 тілінде амандасып, қоштаса алады деп хабарлайды alashinform.kz.

Абдурашид Ширинов 15 жылдан бері жұмысымен қатар тіл үйренумен айналысып келеді.

«Бұрын шет тілін білмедім. Сосын кейбір тіркестерді үйренуге тура келді. Жолаушыларыма «Hello, my friends» деп амандасып, «Let’s Go» деймін», – дейді таксист.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан депутат пен ауданның экс-әкімі қаза болды

Ол көлігіне отырған азаматтың ұлтын сұрап алып, сол тілге сөйлей жөнеледі. Абдурашид поляк, моңғол, үнді болсын сол тілде амандасып, сол тілде қоштасады. Қазір 36 тілді осылай сөйлей алады.

Ер адамның алға қойған мақсаты ағылшын тілін толық меңгеріп алу.

«Ағам екеуміз де таксиспіз. Ағам үнемі кітап оқып, тіл үйреніп жүреді. Өзінің арнайы блокноты бар. Қазір ЭКСПО-ға келетін шетелдіктер көп. Сондықтан мен де ағылшын тілін үйренсем деп жүрмін», – дейді інісі.

Абдурашид Ширинов елімізге келген қонақтарға осылайша жақсы көңіл күй сыйлағысы келеді. Қонақтар елімізде жақсы әсер алса деген ниетте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564238-36-til-biletin-astanalyq-taksist-turist.html