RU

Ғалымдар: Төстартқыш қыз-келіншектердің денсаулығына зиян

Төстартқыш-әрбір қыздың гардеробында маңызды орын алатын киім. Бірақ дәрігерлер оның денсаулыққа зиян екенін айтуда. Вашингтондық зерттеушілердің айтуынша, үнемі төстартқыш киіп жүру қиындықтар тудыруы мүмкін деп хабарлайды ikerim.kz.

1. Көптеген қыздар төстартқыш төстің салбырауынан қорғайды деп ойлайды. Ал зерттаушілер оның өтірік сөз екенін айтады. Себебі төстің салбырауы оның орналасуына және бұлшықеттеріне байланысты, сондықтан бұлшықеттерді нығайтуға күш салу керек.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан депутат пен ауданның экс-әкімі қаза болды

2. Дәрігерлер төстің қимылдауы көптеген аурудың алдын алатынына сенімді. Себебі төс аурулары көкірешке тақпайтындарда аз болатын көрінеді.

3. Дұрыс таңдалмаған және табиғи матадан тігілмеген төстартқыш қан айналымына кедергі жасайды. Сондықтан да одан кейін денеде ізі қалады екен. Төстартқыштан бастарта алмасаңыз, денеңізде ізі қалмайтынын таңдаңыз.

4. Төстартқышты күнін 6-7 сағаттан артық тағуға болмайды. Негізінен денеге жабысып тұратын киімдер ағзаға белгілі бір дәрежеде зиян келтіреді. Мысалы тар джинс шалбарлар-варикозға, ыңғайсыз аяқ-киімдер-табанның ауруына, ал төстартқыштар-төсті ауруға шалдықтыруы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564300-ghalymdar-tostartqysh-qyz-kelinshekter.html