Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда қонақ үй қызметшілері жасөспірім қыздарды зорлап, мазақ еткен

Опубликовано:

Түркияның Аланья курортында демалып жатқан британдық жасөспірім қыздар жыныстық зорлаудың құрбандары болды. Төтенше жағдайды біле тұра қонақ үй қызметшілері қыздарға көмектесіп, полиция шақырудың орнына оларды мазақ етіп, өздерін осындай туристік оқиғаны іздеп жүріп тапқанын айтып кіналаған деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Басылымның хабарлауынша, жастар алғаш рет шетелге демалуға аттанған. Алайда үш күннен соң демалыстарының күл-талқаны шығыпты. Қыздардың бірі қонақ үй қызметшісінен жапа шексе, екіншісін тура жағажайда зорлаған.

Жас туристер әкімшілікке болған жайды айтқанда, олар қыздардың бетіне күле қараған. Қонақ үйдің басқа қызметшілері де тура сондай қылық танытыпты. Олар британдық жас қыздарға қол ұшын созып, полиция шақырудың орнына қыздардың өзін кінәлаған. Қонақ үй әкімшілігінің сөзінше, қыздар алкогольді ішімдікке тойып алып, осындай тосын жағдайларға өздері іздеп жүріп тап болған.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан депутат пен ауданның экс-әкімі қаза болды

Түрік полициясы да қыздардың шағымына мән бермей отыр. Қыздардың ата-анасы бұл жанжалды оқиғаны "жантүршігерлік жайт" деп сипаттады.

Ендігі кезекте қыздар Ұлыбританияның Түркиядағы елшілігінен көмек сұрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1564309-turkiyada-qonaq-uy-qyzmetshileri-zhasos/

pixel