Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойда ақ дастархан үстіне шығып билеген қазақ қызының әрекеті халықтың ашуына тиді (видео)

Опубликовано:

Қазақ тойларында орын алып жатқан сорақы би мен әзілдердің күн артқан сайын сан түрі шығып жатыр. Осы жолы қонақтарға жайылған ақ дастархан үстіне шығып билеген бойжеткеннің әрекеті көпшіліктің ашуын келтіріп, жаға ұстатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған видеоны Instagram желісіндегі «Қазақ той» парақшасы жариялады.

Серік Ибрагимовтың «Жүрдек пойыз кетті» әніне билеген бойжеткен дастархан үстінде еш қымсынбастан екі қолын көтеріп, барынша көңілді болып жүр. Оның жанындағы құрбылары да қызға қой демейтін сияқты.

Тағы оқыңыздар: "Еуразия" кинофестиваліне әйелдерше киініп келген танымал вайнер жұртты шошытты (видео)

Қыздың бұл әрекетін көрген желі қолданушылары «Ақ дастархан мен нанды сыйламаған ақымақ», «Мұны қарап тұрған еркектерде намыс жоқ екен», «Тәрбиесіз! Өзі ас ішкен дастархан үстіне шығып алғаны несі?!» деп қатты ашулы екендерін білдіріп жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1564355-toyda-aq-dastarkhan-ustine-shyghyp-bileg/

pixel