RU

Белгілі нумеролог биыл елімізді не күтіп тұрғанын айтып берді

Көпшілікке нақты болжамдары мен есептеулері арқылы кеңінен танылып жүрген белгілі нумеролог Айсұлу Ахимова 2017 жылдың екінші жартысында еліміздің мәдениет саласында орын алатын өзгерістер туралы айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Танымал нумеролог экстрасенсорика мен нумерология ғылымының екі түрлі ілім екенін айтып, қос саланы бір-бірімен шатастырмау керек деген

пікірді алға тартты.

Тағы оқыңыздар: "Еуразия" кинофестиваліне әйелдерше киініп келген танымал вайнер жұртты шошытты (видео)

- Ең әуелі, нумерологияның ежелгі ғылым ретінде экстрасенсорикадан айтарлықтай айырмашылығы бар екенін және оның болашақты болжауға еш қатысы жоқ екенін айтқым келіп отыр. Көпшілік көп жағдайда әлі күнге дейін осы қос ілімді шатастырып жатады. Негізінде нумерология жеке математикалық есептеулерден тұрады.

Егер жалпы түрде есептейтін болсақ, біздің ел үшін биылғы жыл өте табысты болмақ. Әсіресе, шығармашылық орта мен өнер саласы қарқынды дамитын болады. Ал экономика мен әлеуметтік сала нумерологиядан өте алшақ сала болғандықтан, ол жайлы айту артық деп ойлаймын. Сондықтан бұл салаларға қатысты қандай да бір болжамдарды – экстрасенстер мен ел үкіметіне артқым келіп отыр, -деді Айсұлу Ахимова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564382-belgili-numerolog-biyl-elimizdi-ne-ku.html