RU

Халықтың алдына көзін бояп шыққан Димашты жанкүйерлері сөгіп тастады (фото)

Ерекше даусымен миллиондаған жанның жүрегін жаулаған Димаш Құдайберген соңғы кездері сахнаға боянып шығып жүр. Димаштың бұл образын қазақстандық көрермендер сынға алып, ер жігіт үшін әсіре боянудың артық екенін айтуда деп хабарлайды NUR.KZ.

"Даусына айтар сөзім жоқ, бірақ дәл мынандай етіп бояндырудың қажеті қанша?!", "Димаштың көзін бояудың қажеті жоқ сияқты. Оның орнына қытайлықтар тәрізді әдемі шаш үлгісін жасауға тырысу керек еді. Көзге оғаш көрінеді", "Қыз сияқты бояндырған",-  деп сынға алған желі қолданушылары.

Ал кейбіреулер болса Димаштың бұл сахналық образы ғана екенін айтып, екінші тараппен дауласып жатты.

"Майкл Джексонға ұқсап қалыпты", "Жарасып тұр, бұл жәй сахналық образ", "Кәрістің жігіттері тәрізді",-  дейді  Димаштың боянғанынан ешқандай әбестік көрмеген көрермендер.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан депутат пен ауданның экс-әкімі қаза болды

Әншінің продюсері Алмапыстың өзі Димаштың Майкл Джексонға ұсқап бара жатқанын атап өткен.

"Достар, менің ойымша Димаш күннен күнге Майкл Джексонға ұқсап бара жатыр?!",-деп жазады ол Instagram желісінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564405-khalyqtynh-aldyna-kozin-boyap-shyqqan-dim.html