RU

Акуламен жарысқан Майкл Фелпс жыртқыштан қалып қойды (видео)

Суда жүзуден Олимпиада ойындарының 23 дүркін чемпионы Майкл Фелпс ақ акуламен жарысып, қалып қойды.

Бұл туралы mk.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фелпс пен акула 100 метр қашықтыққа жарысты. Майклдың үстінде акуланың терісіне ұқсас гидрокостюм мен арнайы жүзбеқанат болды. Нәтижесінде, акула 100 метрді 36,10 секундта жүзіп өтсе, Фелпс аталған қашықтықты 38 секундта жүзіп өтті.

Спортшы мен акула арнайы клеткаларда бөлек жарысқан.

Тағы оқыңыздар: Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралады

"Мен акуланың тура жанында жарысқым келген. Алайда, әйелім біздің отбасымыз бар екенін айтып, райымнан қайтарды. Негізі, бала күнімнен акулаларға деген қызығушылығым жоғары еді. Міне, мен акуланың тұмсығын дәл жанымнан көрдім. Бұл керемет!", - деп ағынан жарылды Фелпс.

The moment of glory for #TeamShark!!! #PhelpsVsShark #SharkWeek pic.twitter.com/NWYp1CwiRa

— Shark Week (@SharkWeek) 24 июля 2017 г.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564452-akulamen-zharysqan-maykl-felps-zhyrtqy.html