RU

Баян Есентаеваның қызы итінің өздерімен бір дастарханда тамақ ішетінін айтты (фото)

Атышулы продюсер Баян Есентаеваның 13 жастағы қызы Айару Бақытбек Ла есімді итінің өздерімен бір дастарханнан тамақ ішіп, бір төсекте ұйықтайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Айару Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Ол бізбен бірге бір төсекте ұйықтайды, кейде бір дастарханнан тамақ ішеді. Тек таза еттерді жейді, оның бір шкаф киімі бар. Ит - біздің үйімізге қуаныш пен бақыт әкелетін құдайдың жаратылысы»,-деп жазады ол.

Айару итіне Instagram желісінде жеке парақша ашып қойған. Labakytbek есімді желі қолданушысының бүгінде 11,9 мың оқырманы бар.

Тағы оқыңыздар: Отандық телеарна Донбасста соғысып жүрген ресейшілдердің ерлігі туралы фильм көрсетті

Еске салсақ, жақында ғана Баян Есентаева кенже қызының итіне арнап жасаған тәтті тортын желі қолданушыларына көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564546-bayan-esentaevanynh-qyzy-itininh-ozderi.html