RU

Алматыға қыдырып келген астаналық жігіт із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Алматыға қыдырып келген 24 жастағы астаналық жігіт із-түзсіз жоғалып кетті. Жас жігіттен 6 шілдеден бері хабар жоқ деп жазады NUR.KZ.

1993 жылы дүниеге келген Алмат Қорған Сәбитұлы осы жылдың 6 шілдесі күні Ремизовкадағы "Көктем" шипажайынан кешкі сағат 20:30-да шығып кетіп, қайта оралмаған.

Жігіттің белгілері: Бойы 170-175 см, денелі, шашы қара, қоңыр көзді, қыр мұрынды, мінезі тұйық. Үстінде қара футболка, қара-көк спорт шалбары, аяғында ақшыл қоңыр сандалмен басында ақшыл кепка болған.

Егерде сіз Алматқа қатысты қандай да бір ақпарат білетін болсаңыз мына байланыс нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз: 87750007761, 87013896114.

Тағы оқыңыздар: Отандық телеарна Донбасста соғысып жүрген ресейшілдердің ерлігі туралы фильм көрсетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564589-almatygha-qydyryp-kelgen-astanalyq-zhi.html