RU

Тойота ГАЗ-53-ке соғылды: ОҚО-да депутат пен экс-әкімнің өмірін қиған жол апаты қалай болды?

Жол апатынан көз жұмған ОҚО әкімінің кеңесшісі мен депутаттың қазасына қатысты облыстық ІІД мәлімдеме жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

- 23 шілде күні Шымкент-Самара тас жолының 107-ші шақырымында Toyota Land Cruiser Prado автокөлігі техникалық ақауларға байланысты жол жиегінде тұрған ГАЗ-53 көлігіне соқтығысқан. Көлік жолаушылары Қамытбек Айтөреев пен Сейіт Ертай оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші ауыр халде ауруханада жатыр. Аталған оқиғаға қатысты соталды тергеу жұмыстары басталды, - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыздар: Белгілі журналист Жұмабек Кенжалин өмірден озды

Еске сала кетейік, жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқан Сейіт Ертай облыс әкімінің кеңесшісі, Қамытбек Айтөреев мәслихат депутаты болатын. Жол апатынан көз жұмған Сейіт Ертай бірнеше рет NUR.KZ порталына сұхбат беріп, түрлі қиындықтардан оңай өтетінін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564760-toyota-gaz-53-ke-soghyldy-oqo-da-deputat-p.html