RU

Көп балалы болуды армандаған Айнұр Тұрсынбаеваның жазбасы көпшілікті елжіретті

Желідегі парақшасында қоғамда қойылатын орынсыз сұрақтар туралы жазған Айнұр Тұрсынбаева көпшілік жерде өзін ыңғайсыз жағдайға қалдырып, "осы сен неге тағы туып алмайсың" деп сұрайтындарға жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Мен көп перзентім болса деп көп армандадым... Қаралмаған жерім жоқ! Бір жерге барсам "осы сен неге тағы туып алмайсың" деп сұрамаса екен деп отыратынмын... Әсіресе көпшілік жерде.. Жүрегіме біз тығып алғандай әсер ететін... Ал перзент сүйе алмай жүрген қаншама адам бар.. Көріп қалсақ бас саламыз..."Неғып тумай жүрсің?!", "Жас кезіңде туып алсаңшы", "Қашан барамыз шілдеxанаға?!".. Бала күтудің қаншалықты қиын екенін жақсы түсінем.... Жаның жабығып жүргенде осындай сұрақтар одан сайын езіп жібереді-ақ. Әсіресе жұрттың көзінше...",-деп жазады ол Instagram парақшасында.

Сондай-ақ ақын күнделікті тұрмыста көптеген сұрақтарды ойланбай қоя салатынымызды да сынға алады.

Тағы оқыңыздар: Әлемдегі ең жалқау ел анықталды

"Шындығында адамға сұрақ қойғанда ойланбайды екенбіз ғой. Мысалы басы бос туысымызды немесе танысымызды көре қалсақ "неге үйленбейсің" деп бас саламыз.. Қыз бала болса тіпті жаман..."Әй, неғып жүрсің, күйеуге тимейсің бе" деп түрткілей жөнелеміз... Ауыр ма?! Ауыр..Қыздардың жасы 25-тен асқанда өздері де жалғыздықтан депрессияға кіре бастайды және ол келін болудан қашып жүр деп кім айтты сізге?! Қалауындағы жігіт кездесіп, аламын деп тұрса есі дұрыс қыз бас тарта ма?! Адам болмаса біреудің үйіне өзі барып кіріп ала ма?! Осымен қалып кетемін бе деген үрейде жүрген адамды одан сайын тығырыққа тіреп тастаймыз. Үйінде отырып қалған қызы бар танысымызға да тыныштық жоқ.. "Қызың неғып отыр?!", "Үйленетін ойы бар ма?!" Перзентінің өз бақытын тапқанын қай ана қаламайды құдай-ау?! Ана жүрегіне ауыр ма?! Ауыр...",-дейді сұрақ қояр бұрын ойланып алғанды жөн көретін ақын.

Айнұр желідегі оқырмандарын жұрттың өміріне араласпай, көңілге қарап сөйлей білуге шақырды.

Тағы оқыңыздар: Баян Есентаеваның қызы итінің өздерімен бір дастарханда тамақ ішетінін айтты (фото)

"Күйеуі ішетін әйелге де маза жоқ.."Қой деп айтсаңшы", "емдетпейсің бе"... Бала-шағасы тастап кетсе де сол..."Балаларың кетіп қалған ба", "келінің кеп тұра ма.." Баспанасы жоқ болса да пәле..."Неге үй алмайсыңдар", "қашанғы үйсіз жүресіңдер.." Адам жетіскеннен үйсіз жүре ме көкем-ау?! Жетпейді ғой жетпейді!!! "Неге арықтап кеткенсің", "неге семіріп алғансың.."Ауыр.... Өте ауыр... Неге жұрттың өмірі қызық?! Не шаруамыз бар?! Ал білдік ал жауапты. Естідік! Бақытты боп кеттік пе? Раxаттанып қалдық па? Қызық па екен?! Әлеуметтік желіде де сол... Көп сұраққа жауап беру ауыр... Адамның көңіліне қарау да мәдениеттіліктің, имандылықтың белгісі..!",-деп жазды Тұрсынбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564774-kop-balaly-boludy-armandaghan-aynur-tu.html