RU

Иранда 10 жасар баланы дарға асып өлтірді

Иранның Белуджистан өлкесіндегі екі қалада билік заңсыз есірткі тасымалдады деген күдікпен төрт адамды өлім жазасына кескен. Iran Human Rights-тың хабарлауынша олардың арасында 10 жасар жеткіншекте бар деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айыпталғандар атышулы Захедан түрмесінде жұма күні дарға асылған.

Өлім жазасы орындалғаннан кейін олардың денесін түрме ауласына шығарып тастаған. Марқұмдардың мәйіті 50 градус ыстықта күні бойы жатқан.

Iran Human Rights хабарлауынша, соңғы 12 күнде Иранда 56 адамға өлім жазасы орындалған. Олардың 31 осы заңсыз есірткі тасымалы үшін дарға асылған.

Тағы оқыңыздар: Жоғары оқу орнына түсу үшін қандай дұға оқу керек?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564886-iranda-esirtki-tasymaldady-degen-ayy.html