RU

Шетелдік БАҚ Айман Мұсаходжаеваны Сара Назарбаевамен шатастырып алды (фото)

Бірқатар шетелдік БАҚ өкілдері Голливуд актері Николас Кейджбен суретке түскен қазақстандық скрипкашы Айман Мұсаходжаеваны Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаевамен шатастырып алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Әуелі Fabrice Deprez твитін пайдаланып nydailynews.com америкалық сайты қателесті.

БАҚ атап өткендей, "Ұлт қазынасы" фильмінің жұлдызы Астанада "Еуразия" кинофестивалі кезінде ұлттық киім киіп суретке түскен.

Тағы оқыңыздар: Иранда 10 жасар баланы дарға асып өлтірді

Америкалық әріптестерінің ағаттығын байқамаған британдық huffingtonpost.co.uk сайты да суреттегі актердің ойға шомып кеткенін жазды.

Шетелдік интернет қолданушылары суретке неше түрлі әзіл-қалжың айта бастады.

"Николас Кейдж Қазақстанда, түріне қарағанда, үйде пешті өшірмей кеттіп деп ойлап тұрған болса керек", — деп жазады Christian Borys.

"Ник Кейдж Қазақстанда ұлттық киім киіп, Франсуа Олланды қайталады, бірақ атқа мініп шапқан Сигалға жете алмады", - деп жазды max seddon.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564921-sheteldik-baq-okilderi-musakhodzhaevan.html