RU

Месси Неймармен түскен барлық суретін желіден өшіріп тастады

Лионель Месси бразилиялық ойыншы Неймардың "Барселонадан" кететіне қатты ренжіген сыңайлы. Ол Неймармен түскен суреттерін Instagram-дағы парақшасынан өшіріп тастаған.

Бұл туралы eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Бүгінде Неймар "Барселонадан" "ПСЖ" клубына ауысады деген сыбыс желдей есуде. Бразилиялық ойыншы франциялық клубпен 6 жылға келісімшарт жасасты деген ақпараттың да таралғанына көп болды.

Тағы оқыңыздар: Танымал боксшы шымкенттік судьяны нокаутқа жіберді

Осыдан соң, Лионель Месси парақшасынан Неймармен түскен суреттерін өшіріп тастады. Ал клубтың тағы бір ойыншысы Жерард Пике болса, Неймардың "Барселонада" қалатынын айтуда. Ол Неймар үшін арнайы кеш ұйымдастырып, оны клубта қалуға көндірген деседі.

Әйтсе де, бұл туралы әлі ресми ақпарат таралған жоқ.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564975-messi-neymarmen-tusken-barlyq-sureti.html