RU

Жол апатында күйіп қалған шымкенттік бойжеткен адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

ОҚО-да осыдан бір жыл бұрын жантүршігерлік жол апатына түскен 23 жастағы Мәдина Сәдуова бет-жүзін қалпына келтіру үшін халықтан көмек сұрайды. Шардара ауданының тумасы күйеуімен бірге жол апатына ұшыраған.

Бұл туралы ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Мәдина Сәдуова тұрмысқа шыққанына 9 ай өткен соң жолдасы Ержанмен бірге жол апатына түседі. Аталған қайғылы оқиғадан оның күйеуі тіл тартпай кеткен. Ал Мәдина апаттан тірі қалғанымен, көлік өртенгендегі жалын оны шарпып өткен. Салдарынан Мәдина денесінің 35 пайызын күйік шалады.

Бойжеткенді жол апатынан құтқару үшін жергілікті дәрігерлер 15 рет ота жасаған. Алланың құдыретімен аман қалған Мәдинаға енді күйіп қалған бет-әлпетін қалпына келтіру үшін 5 млн теңге көлемінде қаржы керек. Өкінішке қарай, қарапайым ғана күн көріп жатқан бойжеткеннің жақындары үшін бұл соманы жинау оңайға соқпай тұр.

Тағы оқыңыздар: Сәтпаев қаласында 50 жастағы ер адам бес жасар қызды аяусыз зорлап, өлтіріп кеткен

"Күн сайын қызымның қиналғанын көріп жүрегім ауырады. Мұндай апаттан аман қалғанына шүкірлік етеміз. Бірақ күйіп қалған денесімен көшеге шығу, адамдармен араласу мүмкін болмай тұр. Егер көмектесемін деушілер болса, алғысымыз шексіз", - дейді Мәдинаның анасы.

Жол апатына ұшыраған соң Мәдина екі апта бойы ес-түссіз жансақтау бөлімінде жатқан. Кейін дәрігерлер қызды аман алып қалғанымен, бет-жүзін қалыпқа келтіру үшін қымбат хирургиялық оталар қажеттігін ескертеді. Ал жол апатының салдарынан жарынан айырылып, денесін күйік шалған бойжеткен өзінің үйлену тойы қалай өткенін де ұмытып қалған.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан депутат пен ауданның экс-әкімі қаза болды

"Егер сіздерде ақша болса, маған көмектесіңіздерші, өтінемін. Маған 5 миллион теңге керек. Бұл басы ғана. Бірақ осының өзі табылса қатты қуанар едім", - дейді Мәдина.

23 жастағы Мәдина Сәдуованың жантүршігерлік жол апатына түскеніне 25 шілде күні бір жыл толады. 15 рет отаны басынан өткерген бойжеткен бастауыш сыныптың мұғалімі мамандығын алған. Алайда, бала оқытсам деген арманына қазіргі бет-әлпетінің кесірінен жете алар емес.

Егер Мәдинаға көмектесемін деушілер табылса, төмендегі есепшоттарға ақша аударуға болады.

Сәдуова Мәдина Әсембекқызы. 

ЖСН (ИИН) - 94 01 29 40 08 26

Шот түрі - текущий счет (Қазпошта)

KZ 415 631 615 AA 0071 772

Телефон: 8 778 283 70 22

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564983-zhol-apatynda-kuyip-qalghan-shymkenttik.html