RU

Оралға тойға барған төрт баланың анасын лауазымды қызметкер көлігімен қағып өлтірді (фото)

Орал қаласы Ішкі істер басқармасының жедел криминалистика бөлімінің экс-басшысы төрт баланың анасын қағып кетіп, мерт қылды. 42 жастағы әйелдің жанында болған бойжеткен де ауыр жарақат алып, аурухаға түскен деп хабарлайды Мой город басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

22 шілде күні болған қайғылы оқиғада қаза тапқан Айгүл Сүлейменова Оралдың тумасы болғанымен, бірнеше жылдан бері Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында тұрады екен. Ол Батыс Қазақстан облысына жақын туысының тойына арнайы келіпті.

«Айгүл өзінің 22 жастағы қызымен бірге жол бойында тұрған. Сол уақытта арғы бетте "Хендай" автокөлігі келе жатады. .Жүргізуші екі жолақты кесіп өтеді де қарсы бағытқа шығып кетіп, бірінші Сандуғашты (марқұмның қызы - ред.), кейін Айгүлді соққан. Сот-медицина сарапшысы әпкемнің тіл тартпай кеткенін айтты», - дейді қаза тапқан әйелдің сіңлісі Назгүл.

Айгүлдің асырап алған қызы Сандуғаш бірінші отадан шыққан. Қазір дәрігерлер оны екінші отаға дайындап жатыр.

Тағы оқыңыздар: Аптап ыстық: Еліміздің бірқатар өңірлерінде дабылды ескерту жариялады

Назгүлдің айтуынша, жол апаты болғаннан кейін жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлігіне мініп алып, шықпай қойған, тіпті туысқандары келгенде де.

Ал, жедел жәрдем мен тәртіп сақшыларын көшедегі адамдар шақырған.

«Рөлде Самат Наурызов есімді азамат отырған. Біздің білуімізше, ол алдыңғы айда аттестациядан өтпей қалып, өз еркімен жұмыстан шығып кетіпті. Сондай-ақ, оқиға болған күні оның үйлену тойы болған», - дейді Назгүл.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564991-oralgha-toygha-barghan-tort-balanynh-anas.html