RU

Шымкент тойларында ән айтатын музыка пәні мұғалімінің биі желіні жарды (видео)

Шымкент  тойларында өнер көрсететін «Келес» тобының солисті Света есімді бойжеткеннің биі желіні жарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ерекше би билейтін Светаның даусы да зор. Желі қолданшыларының айтуынша, ол оңтүстік өңіріндегі мектептердің бірінде музыка пәнінен сабақ береді екен.

Көпшілік бойжеткеннің ширақ қимылына таңданса, енді біреулер қыз бала үшін мұндай бидің ерсілеу көрінетінін жазуда.

Тағы оқыңыздар: Аптап ыстық: Еліміздің бірқатар өңірлерінде дабылды ескерту жариялады

Светаның өзі болса халықтың пікірін сыйлайтынын айтып, тойға келген адамдарға қызмет етуден жалықпаймын дейді.

"Ел аузына қақпақ бола алмаймыз. Бәрінің пікірлеріне қосыламыз, бәрінің пікірлерін сыйлаймыз. Бірақ, мен елдің көңілін көтеруден, тойға келген адамдарға қызмет етуден жалықпаймын. Қолымнан келсе осыдан да күштірек би билеп, ән айтуға тырысамын! Қолдаған жандарға алғысым шексіз!",  - дейді ол желідегі парақшасында.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1564995-shymkent-toylarynda-aytatyn-muzyka.html