RU

Меруерт Түсіпбаева келінімен ешқашан бірге тұрғысы келмейтінін мәлімдеді

Меруерт Түсіпбаева болашақта келінімен мүлдем тұрғысы келмейтінін айтты. Танымал әнші келінімен алыстан сыйласқанды жөн көреді екен деп хабарлайды hit.tv арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Мен ешқашан келініммен тұрмаймын. Өздері шақырса барып, алыстан ғана сыйласқым келеді. Кейбіреулер ойлайды келін алдым, тегін "дом работница" пайда болды деп.

Келін деген ол біреудің қызы ғой, неге ол сенің үйіңе барып үй қызметшісі болып кету керек. Осы қазақтың әдеті ме, әлде ата-бабамыздың салты ма білмеймін", -дейді Меруерт.

Тағы оқыңыздар: Сіңлісі үшін кек алғысы келген келіншек күйеу баласын өлтіріп тынды

Еске салсақ, Меруерт Түсіпбаева жалғыз ұлын тәрбиелеп отыр. Әнші өзімді сүйетін және өзім сүйетін азаматты жолықтырмайынша, тұрмыс құрмаймын дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565156-meruert-tusipbaeva-kelinimen-eshqasha.html