RU

Елімізге танымал жаттықтырушы мәңгілік сапарға аттанды

Бүгін елімізге танымал футбол маманы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бұрынғы бапкері Бауыржан Сәрсекенов мәңгілік сапарға аттанды.

Бауыржан Сәрсекенов «Труд» (Ақтау), «Нефтяник - Өзен» (Жаңаөзен), «Химик» (Степногорск), СКИФ (Алматы) командаларында өнер көрсетті. Жаттықтырушы қызметіне 1981 жылы кіріскен.

«Қазақстан футболының дамуына қосқан үлесі үшін» орденімен марапатталған. Елімізге танымал Марат Шахметов, Жамбыл Көкеев, Марк Гурман, Артем Фомин секілді футболшылар шәкірті болған.

Тағы оқыңыздар: Сіңлісі үшін кек алғысы келген келіншек күйеу баласын өлтіріп тынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565296-elimizge-tanymal-bapker-manhgilik-sap.html