RU

ОҚО-да оқу жылының басталуына бір ай қалғанда мектеп жөндегендер күлкіге қалды

Оқу жылының басталуына бір ай ғана уақыт қалды. Ал, Сарыағаш ауданындағы мектептердің күрделі жөндеу жұмыстары енді ғана басталған. Себебі, облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік сатып алуға қатысты тексеру жұмыстарын жуырда ғана аяқтаған.

Бұл туралы аталған мекеменің 2017 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары жөнінде есеп беру кезінде бөлім басшысы Асылбек Мұратов мәлімдеді. Ол тиісті жұмыстардың сағызша созылуын мемлекеттік сатып алу конкурсының кеш жарияланғандығымен байланыстырды.

Осыдан тура бір ай бұрын Сарыағаштық депутаттар облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясында мәселе көтерген болатын. Олар оқу жылының жақындап келе жатқанын айтып, соған қарамастан аудандағы 15 мектептің күрделі жөндеу жұмыстары әлі басталмағанын айтқан еді.

Тағы оқыңыздар: Сіңлісі үшін кек алғысы келген келіншек күйеу баласын өлтіріп тынды

Шағымданушылар оған облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментін кінәлаған болатын. Айтуларынша, мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атанған мердігерге қатысты қатарынан бірнеше рет тексеру жұмыстарын жүргізген. Сөйтіп конкурстық келісім-шартты 4 рет бұзған.

Ал, департамент мамандары бұл жалған жала деген сыңай танытып отыр. Олар істің шиеленісуіне Сарыағаштықтардың өздерін кінәлауда. Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы мемлекеттік сатып алу конкурсы тиісті мерзімінен өте кеш жарияланғанын жеткізді.

Тағы оқыңыздар: Шымкент тойларында ән айтатын музыка пәні мұғалімінің биі желіні жарды (видео)

Осы жиыннан кейін Сарыағаш ауданындағы дауға айналған мектептердің басым бөлігінде келісім-шарттар түзіліп, тиісті жұмыстардың атқарыла бастаған.

Дегенмен, 3 білім ұясының күрделі жөндеу жұмыстары қыркүйек айына дейін аяқталмай қалуы мүмкін. Себебі, департамент мамандары кейбір мектептердің құрылыс жұмыстарына қатысты тексеру жұмыстарын жуырда ғана аяқтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565298-oqo-da-oqu-zhylynynh-bastaluyna-bir-ay-qa.html