RU

Қостанайда мүгедек әке кәмелетке толмаған үш қызынан бас тартты

Қостанайда мүгедек әке кәмелетке толмаған үш қызынан бас тартты деп хабарлайды "Қостанай таңы" газетіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Қостанай облысы, Қарабалық ауданындағы Научное ауылында тұратын Смолянчуктер отбасының үш қаршадай қызының тағдыры әжелері көз жұмғаннан кейін өзгеріп сала берді. Әкелері – 3-топтағы мүгедек. Ол жалғыз өзі жеткіншек қыздарын асырай да, тәрбиелей де алмайды. Ал аналары әлдеқашан тастап кеткен.

Үлкені Елена 13 жаста, Инесса 11, Юлия 10 жаста. Жаңа оқу жылы қыр астында. От жағушы болып жұмыс істейтін мүгедек жан Геннадий үшін оларды керек-жарақпен қамтып, тәрбиесіне жіті көңіл бөлу шаруаның оңайы емес.

Тағы оқыңыздар: Шымкент тойларында ән айтатын музыка пәні мұғалімінің биі желіні жарды (видео)

Дегенмен, әкенің бұл мұңына құлақ түрушілер табыла кетті: аудан прокуроры Алмат Качаковтың бастамасымен аудандық білім бөлімінің жетекшісі Анаркүл Шаменова 1 қыркүйектен бастап, үш ағайынды қыздарды аудан орталығындағы "Жас Талап" интернатына жатқызу шешімін қабылдады.

Олар Қарабалықтағы мектепте оқитын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565322-qostanayda-mugedek-ake-kameletke-tol.html