RU

Шымкентте покурор мен тергеуші екі млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкері және Абай АІІБ-нің тергеушісі 2 миллион теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталды деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

2017 жылдың 24 шілдесінде Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бюросымен бірлесіп кәсіпкердің арызы бойынша Шымкент қаласында өткізген жедел-іздестіру шаралары барысында Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкері және Абай АІІБ-нің тергеушісі 2 миллион теңге көлемінде пара алу үстінде ұстады.

Ұсталғандар салық төлеуден жалтарған ЖШС басшылығын жауаптылыққа тартпау үшін пара алған. 

Тағы оқыңыздар: Месси Неймармен түскен барлық суретін желіден өшіріп тастады

Аталған факт Қылмыстық кодекстің 366 бабы 3 тармағында көзделген қылмыс құрамына сәйкес (адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы пара алу) біріңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізілімінде тіркелді.

Ұсталған прокуратура қызметкері Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565354-prokuratura-qyzmetkeri-men-tergeushi.html