RU

Шапан киген Николас Кейдж жұрттың әзілінен кейін пікір білдірді (видео)

Голливуд актері Николас Кейдж шапан киген кейпінде қазақстандықтарға видеосәлемдеме жолдады. Бұл туралы NUR.KZ  порталы Facebook желісінің Astana.Media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Николас Кейдж Қазақстаннан кеткенімен, қайтып оралуға сөз берді.  "Оскар" премиясының иегері "Алмас қылыш" фильмінің режиссерімен кездесті.

"Сіздердің мәдениеттеріңізді танып-білу мен үшін өте қызық", - дейді актер.

Кейдж қазақстандық режиссерлерге Қазақстанға келген голливуд жұлдыздары туралы фильм түсіру ұсынысын жасады. Актер сұхбатында қазақстандықтардың қонақжайлығына таңдай қаққанын жасырмады.

Кейдж еліміздің керемет екенін алға тартып, таныстарын Қазақстанға шақыратынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565423-shapan-kigen-nikolas-keydzh-zhurttynh-azi.html