RU

Прокуратурада оқ жаудырып, кейін өзін атқан Жампозовтың ісі қайта қаралатын болды

Астана іргесіндегі Ақмол ауылында прокурор мен полицейді мылтықпен жаралап, кейін өзі атылып өлген Өмірбек Жампозовқа қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу қайтадан жүргізілетін болды. Целиноград ауданының соты осындай шешім шығарды деп хабарлайды КТК арнасы.

Сондықтан су торабына бөлінген 640 миллион теңгені жымқырды деп айыпталған «ҚазСуШар» мекемесінің бес лауазымды қызметкеріне қатысты сот келесі дүйсенбіде қайтадан басталады. Сондай-ақ, Жампозов мемлекеттік айыптаушы Айтуғановты мылтықпен атып жаралағандықтан, прокурор да ауысып отыр.

Тағы оқыңыздар: Шапан киген Николас Кейдж жұрттың әзілінен кейін пікір білдірді (видео)

Бірақ олардың жемқорлық дауына қатысты істі әділ тергейтініне күмәнданған адвокаттар судьядан бұдан да өзге мемлекеттік айыптаушыны тағайындауды сұрады.

Айта кетейік, жантүршігерлік атыс өткен бейсенбіде болған. Бюджет ақшасын ұрлады деп айыпталған Өмірбек Жампозов өзіне үкім оқылатын күні прокуратураға барып, прокурор мен полицейді арқасынан атып жаралады. Кейін өзі көлігінің ішінде атылып өлген еді.

"Енді қайғылы оқиғадан соң, сот әділ өтетін шығар? Яғни бұған дейін берген талап арыздарымыз ескерілуі тиіс. Біз марқұм Өмірбек Жампозовтың ісі тоқтатылғанын ғана емес, оның ақталғанын қалаймыз. Өйткені ол кінәсіз", - дейді  адвокат Бақыт Қайыржанова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565450-prokuraturada-oq-zhaudyryp-keyin-ozin.html