RU

Абай Бегей тұңғыш қызының ұзату тойына 15 мың долларлық ресторан іздеуде

Қазақ тойының хитіне айналған «Аспанға қараймын» әнінің орындаушысы Абай Бегей тойға дайындалып жатыр. Әнші жақында тұңғыш қызын ұзатқалы жатқанын айтты деп хабарлайды 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Екі кішкентай қызымды қарап отырған солар еді. Бірақ, Алланың қалауы, өмірдің заңы ғой деп келісім бердім. Құдалар келіп, сырға да салып кетті. Алла қаласа тойдың күнін белгілейміз", - деді құдалы болған өнер иесі.

Қызының ұзату тойын жоғары дәрежеде өткізгісі келетін әнші ол үшін қыруар қаржы керек екенін алға тартады.

Тағы оқыңыздар: Қырғызстан президенті Түркияға неліктен өкпелі екенін түсіндірді

"Дайындық қазірден басталып кетті. Қыз ұзатудан гөрі ұл үйлендірген оңай ма деймін. Қыздың жасауы, төрт мезгіл киімі мен жиһазы бар. Ресторанның өзі 15 мың долларға шығады", - екен дейді Абай.

Ол қызының тойына өнердегі әріптестерін де шақырып қойғанын айтты. Кештің басты қонақтарының бірі - "Музарт" тобы.

"Музарт тобының жігіттері келеміз деп бірден айтты. Қызым Ақбота Керімбекованың әнімен кіріп, Жазираның әнімен үйден шығады", - дейді сценарийді алдын-ала жоспарлап қойған әнші.

Ол тіпті той қонақтарының шақыру билетіне қандай түсті киім кию керек екенін де жазатындарын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565596-abay-begey-tunhghysh-qyzynynh-uzatu-toyyn.html