RU

Астанада қамырды кір қолымен илеген әйел жұрттың ашуына тиді (видео)

Астанада қамырды кір қолымен илеген әйел жұмыстан қуылды деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елордадағы «5 минут» супермаркеттер желісінің бірінде кір қолымен қамыр илеген әйел видеоға түсіп қалған.

Видеода көрінгендей, тазалықты сақтамаған - кассада тұрған есепші әйел. Ол өзінің жұмысын бітірген соң наубайшының жанына барып қамыр илейді.

Оқиға 22 шілде күні болған. Супермаркеттің әкімшілігі санитарлық нормаларды сақтамаған қызметкер жұмыстан шығарылғанын айтуда.

«Біз ол есепшіні жұмыстан шығарып жібердік. Бұл бірінші рет болып отыр. Осы жағдайды кеше ғана білдік. Есепші әйел мұнда екі айдан бері ғана жұмыс істейді. Бұған дейін клиенттерден ешқандай арыз-шағым түскен емес. Бұл жеке өздері үшін дайындалған қамыр. Наубайханашы ертең жұмыстан шығарылады (25 шілде - авт.)», - деді супермаркет әкімшілігі.

Тағы оқыңыздар: Қырғызстан президенті Түркияға неліктен өкпелі екенін түсіндірді

Еске сала кетейік, жақында астаналық тұрғын сатушының жеміс-жидекті шалшық суға жуған сәтін түсіріп алса, оған дейін Астанада субұрқақтың суына қасық жуған сатушы туралы да видео жарияланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565696-astanada-qamyrdy-kir-qolymen-ilegen.html