RU

Мырзағали Айтжанов кәсіби бокста жүрген Жәнібек Әлімханұлына ақылын айтты

Талантты қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы қыркүйек айында кезекті рет кәсіби бокста бағын сынап көреді. Алайда, Жәнібектің бұл қадамын ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов құптамай отыр.

Бұл туралы бапкер prosportkz.kz сайтына берген сұхбатында айтқан.

 - Әлімханұлы кәсіби бокста бақ сынайды деп естідім. Бірақ бізбен ешкім сөйлескен жоқ. Әрине, жарақатынан айығып жатса бағын сынап көрсін. Біз қарсы емеспіз. Алайда,  Жәнібек үшін Қазақстан чемпионатына дайындалған дұрыс болар еді. Себебі, ол өзінің ұлттық құрамадағы орнына лайық екенін дәлелдеп, келесі жылы өтетін Азия чемпионатына дайындалуы тиіс. Ал оның өте талантты боксшы екеніне күмән жоқ. Олимпиадада бағы жанбай қалған жігіттердің бір, - дейді Айтжанов.

Тағы оқыңыздар: Василий Жиров ислам дінін қабылдағанына қарсы шыққандарға жауап берді

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 75 келі салмақта әлем, Азия және Азия ойындарының чемпионы атанған. Бірақ Рио Олимпиадасында боксшының бағы жанған жоқ. Ол әзірбайжандық боксшыдан жеңіліп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565739-myrzaghali-aytzhanov-kasibi-boksta-zhur.html