RU

Дәрігерлер ине жұтып қойған бір жарым жасар сәбиді өлімнен арашалап қалды

Қырғызстандағы Ош қаласының балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлер ине жұтып қойған бүлдіршінді аман алып қалды деп хабарлайды Zanoza.kg сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Бұл ақпаратты емдеу бөлімі бас дәрігерінің орынбасары Кутбидин Бекажиев растады.

Оның айтуынша, кішкентай қыз 1,7 айлық екен. Хирургтар эндоскопиялық аппараттың көмегімен инені алып шыққан.

Тағы оқыңыздар: Алматы облысында үстіне теледидар құлаған бір жарым жасар бала тіл тартпай кетті

Сондай-ақ, Бекажиев бүлдіршіннің көп қан жоғалтып қайтыс болуы мүмкін екенін айтып өтті.  Қазір оның жағдайы бірқалыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565753-darigerler-ine-zhutyp-qoyghan-bir-zharym.html