RU

Ұлы Абайдың өлеңін рэпке айналдырған жастар көпшіліктің сынына ұшырады (видео)

Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" және "Желсіз түнде жарық ай" өлеңдерін заманауи рэпке қосып шырқаған жастар көпшіліктің сынына ұшырады деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған видеоны Instagram желісіндегі  Budni.kz парақшасы жариялап, оқырмандарына Абай атамыздың өлеңдерін осылай шырқаған дұрыс па деген сауал қойған.

Әнді орындап отырған қыз бен жігіт көпшіліктің өздерін сынға алатынын біліп отыр.

"Қалың қалай Ару, "ұят, ұят" тағы не жазады екен", - дейді ол орыс тілінде.

Тағы оқыңыздар: Астанада қамырды кір қолымен илеген әйел жұрттың ашуына тиді (видео)

Видеоны көрген желі қолданушылары өз кезегінде "Абай атамыздың өлеңін қорлауың-ай", "мына оңбағанның бетінен балтамен ұрса ғой", "Жігіттің даусы жағымсыз екен. Мына әнді дәл рэп етіп айту жағымсыз естіледі", - деп пікір қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565759-uly-abaydynh-olenhin-repke-aynaldyrghan.html