RU

Шетелдік азаматты ойыншық тапаншамен қорқытқан атыраулық жігіттер дауға қалды

Атырауда Blackberry мейрамханасының дәретханасында шетелдік азаматты аяусыз соққыға жыққан екі жас жігітке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды деп жазады "Ақ жайық" басылымы.

Бақылау камераларына түсіп қалған кадрлар ғаламторға таралып, мыңдаған атыраулықтар бет-аузы қызыл ала қан болып, еденде жатқан ер адамды тепкінің астына алған және тапанша кезеніп тұрған екі жігітті көрген еді.

Кейінірек соққыға жығылған ер адамның – 1965 жылы туған Пәкістан азаматы Мухаммад Муса Абдул Уахаб екені белгілі болды. 2017 жылдың 25 наурызына қараған сол түні ол облыстық ІІД-ге шағымданған.

Күдіктілерге іздеу жарияланған соң көп кешікпей табылған олар сот санкциясымен 2 ай мерзімге тергеу абақтысына қамалды.

Тағы оқыңыздар: Египетте жоғалып кеткендердің екеуі алматылық университеттің магистрлері болып шықты (фото)

Сот-медицина сараптамасының нәтижесінде зардап шегушіге тигізілген ауырлық дәрежесі «жеңіл» деп танылып, іс 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын және тараптардың ымыраласуына рұқсат етілетін 3-тармақтан 2-тармаққа өзгертілді.

Біздің бейресми мәліметтеріміз бойынша, зардап шегуші қомақты сома талап етіп, нәтижесінде екеуі оған 30 мың АҚШ долларын төлеп, бостандық алған.

Бейнежазбадағы қандай маркадағы тапанша екенін полицейлер хабарламады. Есесіне бұзақылардың адвокаты Динара Сатайбаева оның ойыншық екенін айтып қалды.

Тағы оқыңыздар: Ұлы Абайдың өлеңін рэпке айналдырған жастар көпшіліктің сынына ұшырады (видео)

"Бейнежазбадағы пневматикалық қаруға ұқсайтын нәрсе ойыншық болып шықты. Анықтама бойынша атылуы мүмкін емес, іс жүзінде де атылмады, сондықтан істе «қару қолдану» деген белгі қолданылмады", - дейді қорғаушы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565819-sheteldik-azamatty-oyynshyq-tapanshame.html