RU

60 рет пышаққа түскен порноактрисаның омырауы одан сайын үлкейіп кетті (фото)

Үлкендерге арналған фильмнің жұлдызы жұқтырған инфекциясына қарамастан көлемі 4000 cс болатын омырау имплантын алдыртып тастаудан бас тартты. 47 жастағы әйелдің оң жақ омырауы екіншісінен үлкейіп кеткен деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

47 жастағы Элизабет Старр омырауын үлкейту отасын 1999 жылы жасатқан. Ол сол уақытта модель ретінде қызмет етемін деп үміттенген. Сондықтан оған көлемі үш литрдей болатын пропиллен имплантын салады. Имплант ағзадан ылғал сіңіріп, тағы да ұлғаюы тиіс болатын.

Алайда стафилакокк инфекциясының әсерінен әйелдің оң жақ омырауы қатты үлкейіп, одан үнемі сұйықтық ағып тұратын болған.

Хирургтер әйелді импланттарды алдыртып тастауға көндіріп жатыр. Ал әйел өзінің үлкен төсінен бір-ақ сәтте айырылып қалғысы келмейді.

Тағы оқыңыздар: Мақпал Исабекованың көпшілік сынына ұшыраған образдары қандай?

"Мен омырауымның біртүрлі болып бара жатқанын бірден түсіндім, отадан соң ол қатты ісіп, қызарып кетті. Хирург зарарлы бөлікті кесіп алып тастады. Бірақ инфекция бірте-бірте теріге жайылып, импланттың астыңғы бөлігін тесіп жіберді", - дейді әйел.

Элизабет зақымданған жерін емдеу үшін 60 рет пышаққа түсіп, 260 мың долларын жұмсапты.  Бірақ оның омырауы одан сайын ұлғайып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565821-pornoaktrisa-mansaby-ushin-infekciya-t.html