RU

Египетте жоғалып кеткендердің екеуі алматылық университеттің магистрлері болып шықты (фото)

Египетте жоғалып кеткен қазақстандық студенттердің екеуі Алматыдағы Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистрлері болып шықты, ал қалған төртеуі - еліміздің басқа өңірлерінде оқиды.

«Соңғы келген екеуі (Египетке - ред) Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистрлері. 

Іздеу шаралары жалғасып жатыр. Қазір біздің елшілеріміз жоғалған жігіттердің туыстарымен тығыз қарым-қатынаста отыр. 

Біздің білуімізше, олар барлығы бірге пәтер жалдап тұрған. Қазақстанның Каирде орналасқан елшілігі Египет Сыртқы істер министрлігіне нота жолдап, іздеу жұмыстарына көмек көрсетуді сұрады», - деп мәлімдеді СІМ баспасөз қызметінің өкілі Әнуар Жайнақов.

Тағы оқыңыздар: Ұлы Абайдың өлеңін рэпке айналдырған жастар көпшіліктің сынына ұшырады (видео)

Сонымен қатар, СІМ мәліметінше, жоғалған алты азаматтың барлығы да Каирдегі «Нил» оқу орталығында тіл үйреніп жатқаны белгілі болған.

Студенттердің бірінің ағасы жігіттердің бір пәтерде тұрып жатқанын және жиырмасыншы шілдеге дейін күнде хабар алысып отырғандарын растады.

24 шілдеде барлық студенттердің Каир университетінде сабақтары басталуы тиіс болатын. Бірақ, қазақстандықтардың тағдыры туралы әлі бір де бір хабар жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565832-egipette-zhoghalyp-ketkenderdinh-ekeui.html