RU

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы: Қыздарға қатты ұнайтынымды білемін

Даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың 20 жастағы ұлы Ерасыл Болат - спорттағы жетістіктерімен ғана емес, сондай-ақ көз тартар сұлулығымен де талай қыздың жүрегін жаулап жүрген сері жігіт. 2020 жылғы Токио төріндегі олимп шыңына дайындалып жүрген Ерасыл өзінің қыздарға жиі ұнайтынын жасырмады.

Бұл туралы Нтк арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Естіп тұрамын күнде қыздарға ұнайтынымды. Бірақ, оларды өмірде көргенде менен қашады, ұялады, күледі. Көбінесе саусақпен көрсетеді. Бірақ, келмейді қасыма. Көбінесе интернетте жазады. Мен сені көрдім, сәлем, танысуға болады ма, атың кім деп сондайларды жазады", - дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Кішкентай бүлдіршін өгей шешесінің туған анасындай болуға ант бергенін естіп, жылап жіберді

Ерасылды әкесі 6 жасында дзюдо спортына береді. Атақты балуан ұлының әр қадамын жіті қадағалап, күнделікті бірге жаттығады. Тіпті, спортты серік еткен әке мен баланың тығыз кестесі де түзілген.

"Таңертең тұрамыз, тамақ ішеміз. Тренировкаға барамыз. Бірінші жүгіреміз. Сабақ туралы, спорт туралы айтамыз. Күнде әкеммен бірге күресеміз, жүгіреміз", - дейді спортшы.

Ерасыл бүгінде Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті. Сондай-ақ, жапон, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жігіттің білімге деген құштарлығын оятуда ақын Жүрсін Ерманның рөлі ерекше екен.

Тағы оқыңыздар: Мақпал Исабекованың көпшілік сынына ұшыраған образдары қандай?

"Жүрсін атам - менің нағашы атам. Ол менің өмірімде үлкен бір орында ойнайды. Өйткені ол маған ақыл береді", - дейді ол.

Еске салсақ, 20 жастағы жігіт Қазақстанның 5 дүркін жеңімпазы, Еуропа кубогінің финалисті, Азия чемпионатының 3-ші орын иегері. Дәл қазіргі таңда әлем біріншілігіне қызу дайындық үстінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565861-sululardynh-tun-uyqysyn-urlaghan-daule.html