RU

Арман мен Аша көпшілікке көрсетпеген сәбилерін алғаш рет ел алдына алып шықты (фото)

Жұлдызды жұп Аша Матай мен Арман Қоңыр кішкентай қыздары Асылымды көрсетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Аша мен Арман бұған дейін қыздарымен бірге түскен суретте бүлдіршіннің бетін жауып тастайтын. Осы жолы Арманның парақшасында жарияланған суретте Асылымның жүзі ашық тұр.

Жұлдызды жұп жазғы демалыстарын Түркия елінде өткізіп жүр.

Тағы оқыңыздар: Мақпал Исабекованың көпшілік сынына ұшыраған образдары қандай?

Бұған дейін Аша отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында "Қос анамызды ертіп шет елге барамыз" деген.

Желі қолданушылары оларға бақыт тілеп, қыздарының аман-есен өсуіне тілектестіктерін білдіріп жатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1565892-arman-men-asha-kopshilikke-korsetpegen.html